Гостиницы в Алматы
2016-05-01 23:40:25 1368 4

Болат Жолдасов сахнадан кетті, - деп хабарлайды Baistars.kz.

Кеше ғана «Бастау» тобы жұмысқа қайта кірісті деп қуанғанымыз бекер болып шықты.

Бүгін әкесі, танымал композитор, орындаушы Ұлықпан Жолдасовтың кешінде Болат «Бастау» тобымен соңғы рет өнер көрсетті.

Бірнеше жыл «Музарт» , «Бастау» топтарында өнер көрсеткен Болат жақында әкесінен музыканы қойып, басқа іспен айналысуға рұқсат сұраған.

Әкесі баласын қай салада да қолдайтынын айтты.

Бүгін концертте Ұлықпан Жолдасов «Жолың болсын, балам» деп, ақ батасын беріп шығарып салды.

Болатты енді көрермен сахнадан көрмейді.

Музыканттар отбасында дүниеге келген өнерпаз енді сахнаға мүлдем шықпай қоя ма, шыға ма, оны уақыт көрсетеді.

 

 

 

Пікірлер

  • Жулдыз
    Окиништи арине жеке озим Болатты жаксы корем Бастау тобы да унайтын. Сагынатын боламыз сизди, алдагы жумысынызга саттилик тилеймин.
  • Айтгүл Бисенбай
    Қайтып оралсада қуана қарсы аламыз жəне күтеміз
  • Айтгүл Бисенбай
    Қайтып оралсада қуана қарсы аламыз жəне күтеміз
  • Айтгүл Бисенбай
    Жаңа ісіңе сəттілік. Сахна төріне қайтып оралуыңды күтеміз

Пікір жазу