Гостиницы в Алматы
2016-04-26 19:42:53 3224 12

Жер мәселесіне қатысты пікірлерін білдіріп жатқан өнер жұлдыздары бұл қадамдарын ары қарай да нақтылай түсті. Бүгін Бекжан Тұрыс, Сакен Майғазиев, Қайрат Әділгерей, Бақыт Тушаев ,Нұржан Керменбаев, Бейбіт Сарыбай, Талант Арғынғали, Өнер кырандары, Асхат Садырбай, Ерқанат Көпжасарұлы, Алашұлы тобынын әншілері 31 телеарнаға "жер кодексі" туралы заңға қатысты сұхбат берді, - деп хабарлайды Baistars.kz.

Жерімізді жауға да, дауға да бермейміз деген өнер жұлдыздары бір жұдырықтай жиналып, ой-пікірлерін көгілдір экран арқылы жеткізді.

"Елдің тыныштығын ойлайтын азаматтар, елін сүйетін депутаттар болса, бұл заңды қайта қарастыру керек. Шындығында үлкен қауіпті. Соны қазірден ескеру керек, бұл кісілер ойлану керек. Біз сол кісілерді кеше ғана сайлауда сеніп отырғызған едік ғой. Сол еніп отырғызған депутаттар осы мәселеде үндемей қалғаны бізді қатты қынжылтады", - дейді актер Бекжан Тұрыс.

"Кеттік, жігіттер десе бас құрайтын намысты азаматтар бар. Бірақ біз заңға бағынамыз. Бейбіт шеруге де рұқсат беруі керек. Бұл біздің жеріміз! Ата-бабамыздан қалған жер! Біз ұрпақтарымызды ойлауымыз керек. Келешек ұрпақ артымыздан топырақ шашып, қарғыс айтып жатпауы керек", - дейді Сәкен Майғазиев.

Ал Асхат Тарғын мәселенің жердің сатылатын-сатылмайтындығында емес, дәл осы жалға берілетіндігінде екендігін айтады. Әншінің айтуынша, ертең жалға алған қытайлар жерге соя сияқты қүнарын құратын нәрселер егетін болса, ертең 25 жылда жерімізден дым қалмайды екен. Сондықтан әнші ең бірінші мәселе, жерді ешкімге жалға бермеу керектігін айтты.

Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы кезінде осы мәселеге қатысты пікірін білдірді.

"Шетелдіктерге жер сатылатыны туралы бұрыс ақпараттың тарауынан жер мәселесіне халықтың назары ауып жатыр. Бұған дейін бірнеше рет, тіпті менің өзім мұның жалған екенін айттым. Тағы бір рет ескерткім келеді, ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату туралы мәселе көтерілген емес", талқыланбайды да, деді Елбасы өз сөзінде.

Пікірлер

  • Байкожаева Алзира
    Казакстандык казактар озге елге жем болмайык. Ата бабамыз касык канын тогип бизге калдырган жеримизди коргайык.....
  • Айдос
    Өнерде журген ағалар жарайсыздар.Бул жер мәселесі казіргі уақытта туйіні шешілмейтін проблема болып тургой.Бегжан аға бастап келген өнерде журген бауырларымызга рахмет елдің мына қарапайым халықтың хал жагдайы сіздер ді де бей жай калдырмаганына ризамын
  • Мейрамбек Бесбаев, Кайрат Нуртас,Токтар Сериков,Беркут, Торегали Торали," Жаяу "анинын орындаушысы Серик т.б онер адамдары коринбиди.
  • Асель
    Если решили продавать значит продадут и у нас не спросят будем возмущаться и нас продадут вот такие наши Ак ордайевсы
  • Абзал
    Жеримизди коргайык!!!...
  • Акнур
    Кезинде ата бабалармыз жанын берген жерди жалга берудын кажеты жок ертен бир кирген кытайлыктар кумырскаа сиякты каптайды олар сосын егкашанда кетпиды ертенги куни казак кыздары оз елинде кун ал улдарымыз кул болады бул дурс емес
  • камшат кондыкерова
    Агаларым,даналарым, жанашыр паналарым,осында халыктын созин сойлеп колдагандарынызга ризамыз бизде карсымыз.
  • Нурханова Молдир Садыхановна
    Жер сатылмайтынын ұқтық қой бірақ жалға да беруге қарсымыз! Ел басы осы сұрақты нақты айтпады...
  • Айгерим
    Халыктын калаулы онер азаматтары!!! Рахмет, сиздердин бул колдауларыныз карапайым, ашынган халыкка куаныш пен жубаныш болды.
  • Бәукен
    Әртіс жігіттерге рахме! Жарайсыңдар! Бірақ, тек әнші ғана өнердің иесі, "Өнер жұлдыздары" дегенге қарсымын. Ұят болады. Әңгімеге арқау арқау - Жердің күтімі мен өнімінің білгірлеріі: дихандық, бағбандық, мұраптық, егіншілік, шалғышылық, тіпті алтын дәннің қырманшысы мен қамбашысы, диірменші мен наубайханашы, даяшы мен аспаз болу да - ЕРЕН ӨНЕР!
  • роман
    сатылатын жер баягыда сатылып кетти гой, анау интернетте карандар, сатылатын жерге акесинин жети атасынын кунын сурап отыр керек адамдар сол жерден сатып алсын, ал калган бос жерди тагы кимге сатпак сонда
  • Нука Кенжебековна
    Онер жулдыздарынан мундайды куткен жокпын

Пікір жазу