Бұл туралы министрлік ресми ақпарат бермесе де, әлеуметтік желідегі kazolympicteam тобының сенімді дереккөзі ту ұстаушыға қатысты мәселенің шешілгенін хабарлаған.
Бейресми мәлімет бойынша, ашылу салтанатында туды таеквондошы Руслан Жапаров алып шығады. Руслан 80 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін спортшы.
Әлеуметтік желілерде туды неліктен боксшы Данияр Елеусінов немесе дзюдошы Елдос Сметов ұстамайды деген пікірлер тарауда. Алайда, спорт журналисі Руслан Меделбектің айтуынша, Олимпиаданың ашылу салтанаты 5 тамызда өтеді. Ал Елдос Сметов 6 тамыз күні-ақ татамиге шығады екен. Боксшы Данияр Елеусінов те Олимпиаданы ерте бастайды.
Ал Руслан Жапаров даянгқа 17 тамыз күні шығады. Басшылықтың таңдауы сол себептен Русланға түскен көрінеді.
Еске сала кетейік, 2000 жылы Сидней Олимпиадасында Қазақстан байрағын боксшы Ермахан Ыбырайымов, 2004 жылғы Афины Олимпиадасында дзюдошы Асхат Жіткеев, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында зілтемірші Бақыт Ахметов, ал 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында балуан Нұрмахан Тінәлиев алып шықты.
Ақпарат: NUR.KZ