Жаңалықтар

Асылхан Төлепов Алматы мәслихаты депутаттығына кандидат атанды

Алматы мәслихаты депутаттығына «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалынан ұсынылған кандидаттар тізімі жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, тізімге кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, тілшілер, спортшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, сонымен қатар мәдениет қайраткерлері кірді. Алматыдағы Наурызбай аудандық №15 сайлау округінен тізімге «Жаужүрек мың бала» фильмінде ойнаған жас актер Асылхан Төлепов те енді.

Сонымен қатар, депутат лауазымына Central Asia Monito басылымының бас редакторы Бигелді Ғабдуллин, «Атамекен» ҰКП төрағасының кеңесшісі Артур Котенев, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері Ислам Байрамұқов, «Банк ЦентрКредит» АҚ басқармасының төрағасы Владислав Ли, меценат Ерлан Стамбеков, «Шымбұлақтың» бас директоры Ержан Еркімбаев, Қазақстан байкерлері ассоциациясының президенті Дмитрий Петрухин үміткер болды.

Еске сала кетейік, Парламенттің төменгі палатасының кезектен тыс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтеді. Осы күні мәслихат сайлауы да өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_24156

Футзалдан Испания құрамасының ойыншысы Қазақстанның ойынын ебдейсіз деп атады

49 рет оқылды15.02.2016
photo_172957

Баян Есентаева Астанаға қоныс аударады

532 рет оқылды15.02.2016
14554560851797

Мақпал Жүнісова ғаламтордағы өзі түскен атышулы видеоларға түсінік берді

838 рет оқылды15.02.2016
8245454

Сабина келін егізіне сүйікті халатын сыйлаудан бас тартты

559 рет оқылды15.02.2016
fgfg

Арман Дәулетияровтың төртінші сәбиі дүниеге келді

397 рет оқылды15.02.2016
IMG_8413

Баян Есентаева «Startup «Bolashak» жобасын қолдайды

186 рет оқылды15.02.2016