Гостиницы в Алматы
2016-11-03 15:29:09 251 0

Арыстанбек Мұхамедиұлы кеше қамауға алынған Тұңғышбай Жаманқұловқа көмектесуге дайын.

Белгілі болғандай, осыдан бір апта бұрын Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлын қаралағаны үшін кешірім сұрап, Астанаға арнайы ұшып келген. Министр болса, жасы 70-ке таяған қазақ өнерінің ақсақалын кешіруге дайын. Тіпті, кепілақысын төлеуден де кетәрі емес.

"Мен оған министр емес, адам ретінде көмектесемін. Оның мемлекетке келтірген шығынын өтеуге немесе сот кезінде кепілақысын төлеуге дайынмын", - деді Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов мемлекетке 69 млн теңге шығын келтірді деген айыппен қамауға алынған болатын.

Ақпарат: NUR.KZ

 

 

Пікір жазу