Айқын, Лидо, Ерке Есмахан, Санда, Диас Аблаев, Гүлнәр Силбаева, Марсель, Аша Матай, Айдай Исаева, Айнұр Ілиясова сынды қазақстандық жұлдыздар Луинаның қуанышын бөлісіп, оған деген ақ тілектерін жаудырды.
Ал әнші өз кезегінде сахна төрінен түспей қонақтарға үздік хиттерін паш етті. Торт бетіндегі шырақты үрлеп, түрлі сыйлық алды. Мұнымен қатар, Луина келген қонақтарға арнайы дресс код ережесін ұсынған.

“Менің Лулушкинім, біздің кішкентай қана талантты қызымыз, туған күнің құтты болсын! Барлық арманың орындалсын! Мейірімді дос, ашық жарқын әрі қалыптасып үлгерген тұлғасың! Өмір тынысың кең болсын! Биіктен биікке самғап, махаббаттан шабыт ал. Сені жақсы көремін”, – дейді Мақпал Исабекова.

“Тосап мерекесімен құттықтаймын! Шығармашылықта табыс тілеймін! Ана бақытын сезінуіңе шын жүректен тілектеспін!” – деп Айқын оған отбасын құруға кеңес берді.

“Қымбатты Луина, туған күнің құтты болсын! Талантың, өнерің, сұлулығың бұл өмірде сені жетістіктер мен бақытқа жеткізсін! Вешір басталды”, – дейді Ерке Есмахан.

“Бүгін мен сүйетін бойжеткеннің туған күні. Жарқыным, жылы лебізің үшін көп рахмет! Әрдайым дәл осындай шынайы, адал болып қалуыңа тілектеспін. Барлық бастамада сәттілік тілеп, табысқа кенелуіңе шын жүректен тілектеспін. Сен сондай талантты әрі өзіңе сенімдісің. Мен сені қатты жақсы көремін және достығымызды мақтан тұтамын! Сенің барлық арманың орындылсын!” – деп Лидо оның құшақ жая қарсы алғанына ризашылығын білдірді.

“Сұлу да сымбатты Луи, туған күніңмен құттықтаймын! Тыңдармандарыңды үздік хиттеріңмен қуантып, әрдайым жарқырап жүре бер. Сені жақсы көремін”, – деп Аша Матай туған күн өтетін қонақүйге қарай асықты.

“Менің жаным! Сен менің әпкемдейсің әрі адал досымсың! Мен сені шын жүрегіммен жақсы көремін! Туған күнің құтты болсын!” – дейді Кентал.

Кеш барысында туған күн иесі әріптестерімен қосылып танымал хит әндерді орындаған.
Әншінің сүйіктісі де қасында болып, оның қуанышын өзгелермен бөлісті. Луина да өз кезегінде келген қонақтарға алғыс айтып, туған күн кешінің енді ғана басталып жатқанын жеткізді.