Мақсат Алашұлы
Қазағымның кең байтақ жері жеке адамдікі емес, халықтікі! Сондықтан Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бабамнан мұра болып қалған мемлекетімнің жерін шетел азаматтарына, әсіресе Қытай азаматтарына жалға беруге қарсымын! Мемлекет қарамағындағы жер жеке меншікке ауыспауы керек деп ойлаймын. Байқоңырдың күйін кешпес үшін, билік басындағылардың ұрпақ мүддесі үшін қазірден дұрыс шешім қабылдауын сұраймын! Жерді жалға беріп тоқ отырғаннан, өзіміз игеріп аш отырсақ та ризамын!
Бақыт Тушаев
Біріншіден, ең бірінші мәселе, бұл жерде ақпарат дұрыс жетпей жатыр Елбасына. Елбасы неге ел дүрлігіп жатыр деп сұрағанда жер сатылмасын деп шығып жатыр деген болуы керек. Негізі жалға берілмесін деп шыққанымызды Елбасына айтпай жатқан сияқты. Оның бер жағында Бекболат ағамыз секілді биліктің адвокаты болып жүрген азаматтар сол сөзді ұстап алған. Ал негізі ең сорақысы сол жалға беру. Бос жаьқан жерді жата берсе құнарсызданып кетеді деп айтады дейді. Жер бос жатқан сайын нәрленеді, құнарланады. Мен кішкентайымнан жермен жұмыс істеп өстім ғой, диқаншының баласымын. Негізі жерге май шығаратын соя немесе күнбағыс егетін болса, 3 жылдан кейін жердің құнары мүлдем жойылып кетеді. Өйткені, соя мен күнбағыстың күші жердің 10 жылдық құнарын 3-ақ жылда алып қояды. Ал қытайлар 25 жылдың 10 жылында соя мен күнбағыс егетін болса, жердің дада-даласын шығарады да, ар жағында 15 жылға өзімізге қайтадан жалға береді олар. Содан кейін өзімізге жалға беріп қойып, өздері автоматты түрде қожайын болады. Біз жалға алмай қайтеміз енді, жердің бәрін жергілікті ауқаттылар сатып алса, біз олардан жалға ала алмаймыз. Тек өана жалға алған қытайлардан жалға аламыз. Сондай сорақылық болайын деп жатыр. Қытайдың кім екені, кіргеннен кейін қалай көьейіп алатындығы айта-айта жауыр болған әңгіме. Сондықтанда, меніңше ең бірінші ұранды жер сатылмасын деп емес, жер жалға берілмесін деп бастау керек ұранды. Содан кейін барып, жер сатылмасын деген екінші планда тұру керек секілді. Ешқандай жалға берілмеу керек.
Мысалы, мен өз атымда суармалы бар, қыстауы, жайлауы бар 49 жылға жалға алған жерім бар. 5 гектар жердің 2,5 гектарын екі жыл қатарынан егем да (жоңышқа мен кукурузды), алдыңғы еккен жерді бос қоям. Өйткені, жер бос жатып, нәрлену керек. Екі жылдан артық пайдалануға болмайды жерді. Ауылда парға қойып қоямыз дейді оны, жартысы жұмыс істесе, жартысы демалып тұру керек. Қи, анау-мынау төгіп тыңайтамыз екі жылдай. Сосын көктемде басқа жер жыртқызамыз.
Жалға берсе, өзімізге берсін. Тіршілік істейміз деп отырған қаншама азаматтар бар.
Ұшқын Жамалбек
Ел болып ес-ақылымызды жинағалы қолмен санап аларлыктай уақыт болса да, нар қазақтың жүрегінде қуаныш, көңіліне көктем орнап келе жатқан дәуір едік.
Ата-бабалардың арманы да, талғамы да осы азаттық, осы мамыражай заман еді.
Ел десе, жер десе екпінденіп шабатын, намысы тапталса өрлігімен жабатын ата-бабамыздың бойындағы рух, әр қазақтан табылары хақ!
Халық айтса қалып айтпайды, жанымыз бір шүперекте, қанымыз бір кесеге жиналған азат елдің ұрпақтары, дат айтады!
Болашағымыз үшін, елдіктің еркіндігі үшін, еш бір елге ата-бабамыздың қасық қаны, ақ аналарымыздың көз жасы араласқан жеке меншік жерімізді сатуға әрі жалданып жалға беруге қарсымыз.
Тек бейбіт жолмен заң өкілдерінің, шығарылған қаулыны қайтадан сарапқа салып қарауын сұраймын.?!
Домбыраның қос ішегіндей Алтай мен Атырау арасындағы көп пернелі озық өлкелерім.
Қазақтың күй зарына тиек болған Астанамыз Қазақияның қара шаңырағы!
Асхат Тарғын
Жетімін қаңғыртпаган, жесірін жылатпаган халықпыз гой. Атамыздың қаны тамған,акеміздің тері тамған,анамыздың көз жасы тамған жерімізді біз де қасық қанымыз қалғанша қорғаштауымыз керек ағайын! Келер ұрпаққа жерді аманат етпесек озімізге жаманат келетінін ұмытпайык бауырлар!