Гостиницы в Алматы
2016-05-30 01:38:40 389 0

МС Сайлаубекке жасалған шабуыл бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Видеодан Сайлаубек клубтан шығып, досымен сөйлесіп жатқанын көруге болады. Сол уақытта қасында жас жігіт пен қыз тұрады. Бойжеткен Сайлаубекке жақындап онымен фотоға түспек болады.

Содан кейін Сайлаубектің досы мен жас жігіттің арасында жанжал туындап, жігіт оқ жаудырады. Травматикалық қарудан атылған оқтардың бірі рэпердің сол жақ бүйіріне тиген.

Сайлаубектің продюсері Аслан Бақытжанов бүгінде рэпердің емханада екенін және жағдайы бірқалыпты болғанын мәлімдеді. Резина оқ әртістің ішкі ағзаларына зақым келтірмеген.

Ақпарат: NUR.KZ порталы

Пікір жазу