Гостиницы в Алматы
2016-05-01 12:49:02 156 0

Қазақ цирк өнерінің майталмандары Мұтырғановтар отбасы Алматы циркінің басшылығына наразы. Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды. Мұрат Мұтырғановтың сөзіне сенсек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәрім Мұтырғановты Алматы цирк басшылығы өнер ордасына кіргізбей қойған. Мұрат өз сөзінде: "Бүгін елдің сүйікті әртісі менің әкем Кәрім Мұтырғановты екінші үйіне айналған Алматы циркіне кіргізбей қойды. Менің ойымша, бұл- қорлық. Жарайды, цирк басшылығымен менің арамда түсінбеушілік орын алды. Бірақ, әкемді неге ренжітеді? Менің ойымша, істі қолға алу керек. Қалай ойлайсыз? Не істеу керектігіне ақыл қосыңыз.Мұтырғановтар отбасын қолдаңыздар!"-деді.

Кәрім Мұтырғанов та өзіңе көрсеткен мұндай әрекетті мәдениетсіздікке балап отыр.

Пікір жазу