Еуропа біріншілігінің финалында Хорватия мен Қазақстан арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталған, матчтан кейінгі пенальти сериясында 5:6 есебімен қазақстандықтар жеңіске жеткен.
Финалдық ойын Қазақстан үшін сәтсіз басталды, бірден екінші минутта хорваттар есеп ашып, алға шықты. Дегенмен көп ұзамай, Мұрат Ахметшәріпов есепті теңестіре алды. Кездесудің екінші таймында Хорватия сапынан Иван Смок есепті 2:1-ге жеткізді. Алайда тайм соңына қарай, Мұрат Ахметшәріпов алыс бұрышты дәл көздеп, қазақстандық команданы жеңілістен аман алып шықты.
Ойын соңында пенальти сериясы белгіленді. Бұл сында қазақ спортшылары үздік шығып, 6:5 есебімен жеңіске қол жеткізді.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев