Гостиницы в Алматы
2016-02-16 21:20:09 881 0

Қазақстандық модель Бибісара Шәріпова Нью-Йоркте өткен сән апталығында (New York Fashion Week 2016) жас америкалық модельер Кристиан Сирианның топтамасының таныстырылымына қатысты, деп хабарлайды stan.kz.

 

Бибісара Шәріпова көпшілікке Bibi есімімен таныс. Модельдік мәнсабын Алматыда модельдер байқауына қатысудан бастаған. 2008 жылы Top Model Asia финалисі атанған соң қазақстандық модель Нью-Йоркте жұмыс істеуге шақырту алады. Содан бері Милан, Нью-Йорк, Париж сән апталықтарына қатысып келе жатыр. United colors of Benetton, Forever yours жарнамалық кампаниялардың моделі болған. Сонымен қатар Vogue, Dichun, Grazia және т.б. журналдардың мұқабасына шыққан.

Нью-Йорк 2016 сән апталығы келесі маусымның басты сән үрдісін айқындайды – өзекті модельдер, мүсіндер, түстер мен маталар. Бибісара Шәріпова бұл шоудың авторлық көрсетілімдеріне бірінеше рет қатысқан.

 

Сурет: stan.kz

 

Пікір жазу