Гостиницы в Алматы
2016-11-26 17:53:04 18 0

«Қазақфильм» АҚ «Батыс Қытай фильм» корпорациясымен бірлесіп түсіреді делінген фильмге байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, қытайлық news.sina.com сайты «Қазақфильм» АҚ мен «Батыс Қытай фильм» корпорациясы бірлесіп, «Махаббат өткелдері» атты романтикалық комедия жанрында фильм түсіретіндігі туралы хабарлаған болатын. Туындыға қытай азаматы мен қазақ қызының арасындағы махаббат арқау болатындығы айтылған еді. Бұл әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Осыған байланысты, «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі «Қазақфильм» АҚ қытайлық кинематографистермен меморандумға қол қойылғанын, бірақ әзірге нақты жобалардың талқыланбағанын хабарлады. «Қазіргі уақытта Қазақфильмнің Қытаймен бірлескен бір ғана жобасы бар - ол бір кездері КСРО-да өмір сүріп, қызмет атқарған талантты қытайлық композитор Си Синхай туралы «Композитор» фильмі (Оның есімі Алматы мен Астана көшелеріне берілген)», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пікір жазу