Гостиницы в Алматы
2016-11-26 16:29:11 108 0

1 желтоқсан күні қазақстандық кинопрокатқа режиссер Асқар Ұзабаевтың "Гламур для дур" фильмі шығады.

Кино қазақ қызының үлкен қаладағы өмірі туралы. Қарапайым қыздың адамның абыройы әлеуметтік желідегі статусы және гламурмен өлшенетін әлемде өзін қалай ұстайтындығы бейнеленген.

19 жастағы Ұлжан Балжанова бар өмірін ауылда өткізген. Ата-анасы тұрмысқа беріп жібермеу үшін ол мектепті бітіре сала қаладағы өзі ешқашан көрмеген әпкесіне қашып кетеді. Қалаға келген қыз әлеуметтік желі арқылы танымал болуды армандайды. Бірақ әпкесі оның бұл ісіне қарсылық танытады. Ұлжан дегеніне жете ме? Бұл сұраққа фильмді көрген соң жауап алуға болады.

Фильмнің продюссері әрі режиссері Асқар Ұзабаев. Басты рөлдерді Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Даурен Айдаркулов және Әсел Акбарова сомдайды.

Фильм кадрлары

Түсірілім алаңындағы суреттер

Пікір жазу