Гостиницы в Алматы
2016-04-13 20:05:45 108 0

Жұлдызды жұп Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева Қытай еліне жолға шықты. Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды. Көрші елге әншілер гастрольдік сапармен кеткен. Қытай еліндегі тыңдармандарына жұлдызды жұп "Егізім"  атты концерттерін қоймақ. Әншілер елге оралған соң гастрольдік сапармен Қазақстанның басқа да аймақтарын аралауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева Астана қаласында жеке ән кештерін өткізген болатын. Кеште көрерменге кейінгі жылдары жазылған жаңа әндерін ұсынған. Сондай-ақ, концертте Дана Маханбаева домбырамен ән айтып, көрерменді таң қалдырған болатын.

[video width="640" height="640" mp4="http://new.baistars.kz/wp-content/uploads/2016/04/12796235_808634539264859_1222789792_n.mp4"][/video]

 

Осыдан біраз уақыт бұрын Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева Наурыз мерекесіне орай Қытайға барғандығын жазған болатынбыз.

Пікір жазу