Жерімізді жауға да, дауға да бермейміз деген өнер жұлдыздары бір жұдырықтай жиналып, ой-пікірлерін көгілдір экран арқылы жеткізді.
"Елдің тыныштығын ойлайтын азаматтар, елін сүйетін депутаттар болса, бұл заңды қайта қарастыру керек. Шындығында үлкен қауіпті. Соны қазірден ескеру керек, бұл кісілер ойлану керек. Біз сол кісілерді кеше ғана сайлауда сеніп отырғызған едік ғой. Сол еніп отырғызған депутаттар осы мәселеде үндемей қалғаны бізді қатты қынжылтады", - дейді актер Бекжан Тұрыс.
"Кеттік, жігіттер десе бас құрайтын намысты азаматтар бар. Бірақ біз заңға бағынамыз. Бейбіт шеруге де рұқсат беруі керек. Бұл біздің жеріміз! Ата-бабамыздан қалған жер! Біз ұрпақтарымызды ойлауымыз керек. Келешек ұрпақ артымыздан топырақ шашып, қарғыс айтып жатпауы керек", - дейді Сәкен Майғазиев.
Ал Асхат Тарғын мәселенің жердің сатылатын-сатылмайтындығында емес, дәл осы жалға берілетіндігінде екендігін айтады. Әншінің айтуынша, ертең жалға алған қытайлар жерге соя сияқты қүнарын құратын нәрселер егетін болса, ертең 25 жылда жерімізден дым қалмайды екен. Сондықтан әнші ең бірінші мәселе, жерді ешкімге жалға бермеу керектігін айтты.
Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы кезінде осы мәселеге қатысты пікірін білдірді.
"Шетелдіктерге жер сатылатыны туралы бұрыс ақпараттың тарауынан жер мәселесіне халықтың назары ауып жатыр. Бұған дейін бірнеше рет, тіпті менің өзім мұның жалған екенін айттым. Тағы бір рет ескерткім келеді, ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату туралы мәселе көтерілген емес", талқыланбайды да, деді Елбасы өз сөзінде.

Пікірлер