Гостиницы в Алматы
2016-01-26 22:45:29 1553 0

Жақында ғана атақты КВН жұлдызы Азамат Мұсағалиев өзінің қазақ екенін және бұл сұрақтан әбден мезі болғанын айтқан еді. Қандастары үшін Азаматтың бұл мәлімдемесі жаңалық болды. Себебі, оны түрлі ресейлік сериалдар мен бағдарламалардан көріп жүргендіктен ұлты якут немесе қалмақ деп болжады. Алайда әртістің өзі бұл қауесеттердің бәріне нүкте қойды.

Ресей және жалпы әлемді мойындатқан қаны қазақ азаматтар жоқ емес. Олардың кейбірі аралас некеден туылғандар. Біз шетелде аты шыққан, тегінде қазақтың қаны бар бауырларымыз жайлы сөз қозғамақпыз.

Тимур Бекмамбетов

Тимур Бекмамбетов Атыраудың тумасы екені бәріне мәлім. Атақты режиссердің фильмдерінде Ресей түгілі Голливудтың жұлдыздары түскен. Тимурдың әкесі - Нуруахит Бекмамбетов "Гурьевэнерго" энергобасшылығында басшылық қызметтерді атқарған, ал анасы - Мира Богословская "Прикаспийская коммуна" облыстық газетінің редактор орынбасары болған. Тимур бұрыннан Америкада тұруды армандаған екен. Оған әсіресе Лос-Анджелес жанына жақын көрінеді. Себебін былай түсіндіріпті: «Бұл қала маған Маңғыстауды еске салады. Онда да түрлі ұлт өкілдері тұрады. Онда корей кварталдары да, қытай және басқа да кварталдар бар. Толықтай интернационал қала, бұрынғы Маңғыстау сияқты».

Егор Кончаловский

Ресейдің танымал режиссері Егор Кончаловский Ресейдегі киногерлер әулетінің бір мүшесі. Әкесі Андрей Михалков-Кончаловский кино тарихында ойып тұрып орын алатын фильмдердің авторы. Ал анасы Наталья Аринбасарова біраз фильмдердің кейіпкерін ашқан танымал қазақ актрисасы. Егор Кончаловскийдің анасына деген құрметі ерекше және ол әрдайым қазақстандық жобаларға қатысып, кинофестиваль шақыртуларынан қалмайды.

Екатерина Двигубская

Сонымен қатар, Наталья Аринбасарованың  екінші некесінен туылған қызы Екатерина Двигубская да өнерден кенде емес. Ол дарынды актриса, сценарист, режиссер. "Бедная Настя", "Москва, я люблю тебя!" сынды фильмдерді дүниеге әкелген. Сонымен қатар, көптеген фильмдерде ойнап, актерлік қырынан да танылып жүр.

Сангаджи Тарбаев

«РУДН» КВН командасының капитаны, қазірде танымал продюсер, Сангаджи Тарбаев анасының қазақ екенін бірнеше сұхбаттарында айтқан. Тегі қалмақ Сангаджидің балалық шағы Батыс Қазақстан облысында, анасы Мақпалдың ауылында өткен екен. Сангаджидің бойынан әрдайым кішіпейілділік пен инабаттылық, тәрбиелікті байқауға болады. Бұл да қазақ анасының қосқан үлесі болар.

Альбина Джанабаева

Альбина Джанабаеваны көбі татар ұлтынан деп ойлайды. Алайда, ол бір сұхбатында қанында әкесінен дарыған шығыстың, яғни қазақтың қызуқандылығы бар екенін айтқан болатын. Әкесі Борис Джанабаев геолог болған, ал анасы Марина Джанабаева – үй шаруасындағы әйел. Өздеріңіз білетіндей, Альбина Ресей шоу-бизнесінің метрі Валерий Меладзеге тұрмысқа шығып, екі ұлдың анасы атанды.

Бари Алибасов

Әкесі қазақ, шешесі орыс Бари Алибасовтың есімі қазіргі уақытта аты-шулы шоуларда көп аталатынымен, 90-жылдардың басында оған жетер продюсер жоқ еді. Әйгілі «На-На» тобын дүниеге әкеліп, күллі жұртты хиттерімен билеткен Бари Кәрімұлы өзінің туып-өскен жерін ешқашан ұмытқан емес. Тіпті Шар станциясындағы өзі оқыған мектебінің мерейтойына концерт қойып беріп, ауыл тұрғындарын бір марқайтып қайтқан.

Дереккөз: massaget.kz

Пікір жазу