Бұл белес фильм прокатының 39-шы күні бағындырылып отыр. Сондай-ақ, аталған картина табысын 1 млрд долларға жеткізе алған Walt Disney компаниясының 13-ші жобасы және осы межеге қол жеткізген 2016 жылы шыққан 4 фильмнің біреуі.
Box Office Mojo сайтының ақпаратына сәйкес, фантастикалық боевиктің жалпы табысы - $1 011 301 563. Бұл кино тарихындағы үздік көрсеткіштердің ішінде жетінші орын. Жобаның өндірістік бюджеті 200 млн доллар.
"Күрескер-бір: Жұлдызды соғыстар хикаясы" - әйгілі "Жұлдызды соғыстар" ("Star Wars") кинодастанының спин-офф бөлімі. Фильмдегі оқиға үшінші мен төртінші түпнұсқа эпизодтар аралығында болады. Сюжетте Империяға қарсы күрескен бір топ көтерілісші туралы баяндалады. Оларға "Ажал жұлдызы" аталып кеткен қуатты әскери станцияның сызбаларын ұрлап кету тапсырылады.
Бұл кинотуынды 2016 жылы қазақ тіліне аударылған 4 жобаның бірі болды.