Гостиницы в Алматы
2017-01-25 14:18:02 31 0

Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ресми түрде 28-ші бүкіл әлемдік қысқы Универсиада 2017 ойындарының алауы тұтынды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Эстафета Астанада екі кезең бойынша созылады. 3,5 сағат бойы алау ұстаушылар қаланың орталық көшелерімен жүгіріп өтеді. Бірінші кезең “Назарбаев Университетінен” басталып “Бәйтерек” монументіне дейін жалғасады. Екіншісі – монументтен оң жағалаудағы қала әкімдігіне дейін барады. Эстафетаның жалпы ұзақтығы 12 шақырымды құрап отыр.

Алауды құрамында танымал спортшылар мен қоғам қайраткерлері бар жалпы саны 60 адам алып жүреді. Олардың арасында бокстан олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Данияр Елеусінов, олимапиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит те бар.

5 күн бойы еліміздегі облыс орталықтарында алау тұтату шарасы өткізіледі. Жалпы, Қазақстан бойынша Универсиада алауы жүріп өтетін аумақ 22 500 шақырымды қамтиды.

Еске салайық, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтар-8 ақпан аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады.

Пікір жазу