Гостиницы в Алматы
2016-03-15 15:56:40 537 0

Рано Омарова жүктілігін жасырып жүр ме?

"Дауыс International" тобының экс-солисті Рано Омарова "Келинка Сабина 2" фильмінің тұсаукесеріне қатысып, жұрттың назарына ілікті, деп хабарлайды Baistars.kz.

Әнші, әрі актрисаның Инстаграм желісіне жүктелген суреттерінен жұрт оның аяғы ауыр екенін байқаған. Рано көрсетілімге кең көйлек, сыртынан жүн желеткесін киіп келген. Осылайша ол шығып қалған ішін жасырмақ болған-мыс. Сонымен қатар, әншінің бет-әлпеті де жүкті әйелдерге тән томпиғанын да көпшілік жарыса жазуда.

Осы сұрақтың анық-қанығын білу үшін әртіске хабарласқанымызда, барлық өсек-аяңға нүкте қойып, "Иә, жүктімін" деп жауап берді. Сонымен қатар, үйлену тойы да туыстар арасында аталып өткенін айтты.

Сайтымыздың атынан актрисаны жағымды жаңалығымен құттықтаймыз! Жүктілігі жеңіл өтіп, аман-есен аяқ қолын бауырына алуына тілектеспіз!

Пікір жазу