Гостиницы в Алматы
2016-03-15 15:15:56 147 0

Толқын Забированың атынан фейк аккаунт ашқандар ұсталды

Қазақстандық танымал әнші Толқын Забирова әлеуметтік желілерде алаяқтардың құрбаны болды . Әншінің атынан инстаграмда фейк парақша ашқан алаяқтар конкурстар өткізген. Фейк аккаунт бір жылдан аса уақыт бұрын ашылған. Осы уақыт аралығында "әншіге" жазылушылардың саны 22 мыңнан асқан.  Осы ақпаратпен әнші өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. "Құрметті оқырмандарым! Менің фейкім tolkyn_zabirova парақшасында маған белгісіз конкурстар өткізген, онда айфон ойнатылыпты. Соған қарағанда мақсатқа жетуге қолдан келгенді жасап жатқан болуы керек, бірақ нендей конкурс екені белгісіз. Онда 22 мың оқырман жиналған. Соған қарағанда мұның өзі оларға аз көрінген сияқты. Меніңше, адам санын көбейтуге тырысу ұят! Мен бұл конкурс жайлы білмеймін. Мені мазаламауларыңызды сұраймын! Меніңше, мұндай іспен айналысқанша қызығырақ іспен айналысқан дұрыс", - деп жазды әнші.

Толқын Забированың ресми өкілі Tengrinews.kz тілшісіне жалған аккаунтты ашқан адамнан құпия сөзін алғандығын мәлімдеді. "Біз дереу құпия сөзді ауыстырдық, енді онда ешкім күмәнді мәліметтерді сала алмайды", -деді.

 

Пікір жазу