Алматыда Универсиада-2017 бәсекесінің медаль топтамалары таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Медальдар біздің Универсиада брендіне және Халықаралық студенттер федерациясының талаптарына сәйкес жасалды. Сонымен қатар, Универсиада Алматыда өтіп жатқандықтан, қаланың бренд белгісін таңбаладық. Медаль жазуы үш тілде берілді», - деді 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция директорының орынбасары Камила Лұқпанова.
