Гостиницы в Алматы
2017-01-17 10:58:43 169 0

Қаңтар айының аяғында басталатын Алматыдағы Универсиада шарасының жеңімпаздары 4,9 миллион теңгеге дейін сыйақы алатын болады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады. 

"Жазғы және қысқы Бүкіләлемдік Универсиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін бірреттік сыйақы тағайындау туралы үкімет шешімі сәтті өнер көрсетуге ынталандырады. Бірінші орын үшін 4,9 миллион теңге, екінші орынға 3,3 миллион теңге, ал үшінші орын үшін 1,6 миллион теңге беріледі", - деп хабарлады министрі сейсенбі күні өткен үкімет отырысында.

Мұхамедиұлының айтуынша, дәл осындай сыйақы көлемі Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жаттықтырушыларына да беріледі екен.

Бағдарламасы 12 спорт түрінен тұратын қысқы Универсиада Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Шараға 2 мыңдай спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. 

Пікір жазу