Гостиницы в Алматы
2017-03-08 09:01:31 90 0

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Инстаграмға «Қазақ Аруы» конкурсына қатысушылардың фотоларын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Бұрын хабарланғандай, Баян Мақсатқызы «Қазақ Аруы2017» байқауына кастинг жариялаған еді. Оның сөзіне қарағанда, талаптар мынадай: үміткерлердің бойы 170 сантиметрден биік болуы керек, ал салмағы 53 келіден аспауы шарт. Жас аралығы - 16-22.

Сұлулық, ақылдылық пен дарындылық конкурсы осымен жетінші рет өткелі отыр. Аталмыш сайыс үш рет Астанада өтті.

Еске сала кетсек, «Қазақ аруы-2016» 16 наурызда өтті. Онда Атырау облысының тумасы Альмира Ахатова жеңімпаз атанды.

«Биыл алғаш рет «Қазақ аруы» байқауына Виктория Петрова есімді ару қатысатын болды. Ол Павлодар қаласы атынан бақ сынайды. Оның қазақ тілін, салт-дәстүрін қаншалықты білетіні бізді таңғалдырды», - деп жазды байқаудың ұйымдастырушысы Баян Мақсатқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Пікір жазу