Гостиницы в Алматы
2014-07-14 16:01:45 708 0

Сән туралы 10 фильм

Cән индустриясы – әрбір қыз балаға үлкен толқыныс сыйлайтын армандар әлемі. Жылтыраған журнал беттері, сәнді фотосъемкалар, бренд көрсетілімдері, бәрі-бәрі  көз қызықтырарлық ғажайып дүниелер. Алайда, әр нәрсенің де күнгейі мен көлеңкесі болатыны тәрізді,  сән әлемінің де  қатаң қағидалары барекінші тарапының болатынын білгеніміз  абзал. Біз ұсынған 10 фильм сіздің сән әлеміне  деген көзқарасыңызды түбегейлі өзгертуі ғажап емес...

 1.«Қыркүйектегі сан». («Сентябрьский номер»)

cehtn

Бұл деректі фильм әйгілі Vogue журналының бір шығарылымына арналған. Лентада журналдың 2007 жылғы күздегі  санын жасау жұмысының қыр-сыры көрсетіледі. Бұл нөмір журналдың ең қалың шығарылымы болған еді. Ол 600 беттен тұрды және салмағы 2 келіні құрады.

 2. «Маккуин және мен». («Маккуин и я»)

kjhnjh

Бұл фильмді – ағылшын сән әлемінің бунтары, белгілі дизайнер  Александр Маккуинге оның ең жақын достары мен әріптестері арнаған. Фильмде тасада қалған сирек кадрлар, белгілі модельердің ағасының, оның музасы, жақын құрбысы Изабелла Блоудың, өзге де  сән әлемінің жоғары дәрежелі өкілдерінің пікірлері берілген. Олар атақты кутюрье – Маккуиннің шын мәнінде қандай адам болғаны   және оның өмірі неліктен трагедиялық сипат алғаны жайлы айтады.

 3.«Валентино: соңғы император». («Валентино: последний император»)

hjhjh

Атақты  модельер Валентино Гараваннидің жұмысы, оның 50 жыл бірге болған  сүйіктісі Джанкарло Джиамметтимен ара-қатынасы туралы түсірілген нағыз сәнді  және барынша шынайы картина. 2008 жылы түсірілген  сән әлемінің ұлы тұлғасының автобиографиясына арналған бұл фильм – сән индустриясына қызығатын  көрермен үшін өте жақсы таңдау.  Режиссер – Мэтт Тирнаур.

 4. «Ив Сен-Лоран»

ksjdksjdik

Джалиль Леспер кинолентасының сюжеті қарапайым ғана: Christian Dior Париж сән үйінің негізін салушысы кенеттен қайтыс болған соң,  жас Ив Сен-Лоран  әйгілі сән үйін басқару міндетін алады. Алғашында  жаңа дизайнердің талантына ешкім сенбейді, алайда, алғашқы коллекциясынан кейін-ақ кейіпкер өзін баршаға мойындатады.

 5. «Лагерфельдтің құпиялары». («Секреты Лагерфельда»)

hdgshdgsy

Режиссер Радольф Марконидің картинасы әйгілі модельер Карл Лагерфельдтің өміріне арналады. Chanel-дің арт-директоры болған Карл Лагерфельд үш жыл көлемінде  ұдайы камераның бақылауында болады. Бұл тек жұмыста емес, жеке өміріне қатысты сапарларында да жалғасып отырған. Сондай-ақ, фильмде әртүрлі интервьюлер, Лагерфельдтің  қарама-қайшылықты өмірінің бүркемелі сырларын паш ететін кадрлар көрсетіледі.

 6. «Сүйкімді бейне», («Забавная мордашка»)

sdnsjdhs

Кітап дүкенінің сатушысы болған  қыздың   өзі де   байқамастан сән әлемін  таң қалдырған фотомодельге айналуы жайындағы өте әсерлі картина. Бас рөлді 28 жастағы Одри Хепберннің сомдауы да фильмнің қызықты екенінен дерек берсе керек. Атақты актриса бұл фильмдеде  жас, әдемі, әр кездегідей қылықты.  Фильмнің сәттілігі оның актерлар құрамы және шынайы сюжетінде ғана емес. Юбер Живашиге фильм үшін арнайы тіктірген костюмдер де кейіпкерлердің келбетін ашып,көрерменнің көзін қызықтырады. Бір сөзбен айтқанда, жоғары көңіл-күй сыйлайтын, қызықты фильм.

7. «Шопоголик»

ddds

Софи Кинселлдің«Шопоголиктің құпия әлемі» атты бестселлерінің желісі бойынша түсірілген бұл фильм бағбандық  туралы журналда күнелтіп жүріп, жылтыр журналдарда  жұмыс істеуді армандайтын  журналист жайында. Бірде журналист қызға қаржылық басылымнан жұмысқа   ұсыныс түседі. Сөйтіп,   өзі  бір тапқанын екіншісіне жеткізе алмайтын кейіпкеріміз қаржыны қалай жарату қажеттігі жөнінде мақалалар жаза бастайды.

8. Джиа

v-gcg

Бұл фильмде Анджелина Джоли ХХ ғасырдағы модельдің рөлін  сомдайды Джиа Маридің қарапайым ғана ыдыс жуушы болғаннан бастап, сән әлемін  бағындыруы және қайта құлдырауы жайлы    режиссёр Майкл Кристофердің мелодрамасынан  соңғы әсер ұзақ сақталады.

9. Коко де Шанель

nvckjvndj

Бұл, аты айтып тұрғандай, сән әлеміндегі  ғажайып әйелдердің бірі саналатын Коко де Шанельдің өте сапалы экрандалған  өмірбаяны. Фильмде Коконың  атақты болмаған, өз жолын енді бастаған кезеңдеріне басымдық берілген. Сән әлеміне түбегейлі өзгеріс әкелген әйел жайындағы қызықты да, әрлі картинада бас рөлді сомдаған – Одри Тоту.

 10. «Верушка: камера алдындағы өмір». («Верушка: жизнь перед камерой»)

zsdshdb

60 жылдардағы сәннің символы – Верушка фон Лендорф туралы деректі фильм. Көптеген фотграфтар, дизайнерлер мен суретшілердің музасына айналған атақты модель  өмірі жайлы фильмнің сценарийін өзі жазып, мансабы мен камера  бақылауында өткен өмірі жайлы ашық әңгімелейді.

Пікір жазу