Жоба жетекшілері басты және екінші пландағы актерлерді іріктейтін кастингтің түсірілім кезеңіне дейін жалғасатынын жеткізді. Фильмнің сценариін Елзат Ескендірдің өзі жазған. Режиссердің айтуы бойынша, фильм оқиғасы алыс қиянда өмір сүріп жатқан бір отбасының тіршілігіне құрылып, сондағы Табиғат пен Адам, және Құдай арасындағы нәзік байланысты суреттеуді мақсат тұтады дейді. Жоба жанры экзистенцалдық-поэтикалық драма. Ал, түсірілім жұмыстары осы жылдың күз айларына жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, Елзат Ескендірдің тырнақалды «Өліара» («Off-season») қысқаметражды туындысы өткен жылы бірнеше халықаралық байқауларда топ жарды. Фильмнің әлемдік премьерасының тұсауы Оңтүстік Кореядағы дәстүрлі BIFF (Busan International Film Festival) ХХІ Халықаралық Пусан кинофестивалінде кесіліп, аталмыш фестивальде «Өліара» Sonji Award номинациясы бойынша Гран-Приді еншіледі. 2016-жылдың желтоқсан айында Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен дәстүрлі XIII Xалықаралық "Кинопроба" кинофестивалінде де "Ең үздік дебюттік фильм" жүлдесіне ие болды. Одан бөлек, былтырғы жылдың басында «Қазақстан киносыншылары Қауымдастығы»-ның «Киносыншылар таңдауы-2016» байқауында да «Өліараны» (Off-season) «Жылдың ең үздік қысқаметражды фильмі» деп марапаттаған. Сонымен қатар, «Өліара» ағымдағы жылдың майыр айының 3-14 аралығында, Португалияның Лиссабон қаласында өтетін ХIV IndieLisboa Халықаралық Кинофестивальінің де конкурстық бағдарламасында бақ сынамақшы.