Гостиницы в Алматы
2017-06-30 11:42:55 30 0

Қазақстандық жүзгіш, олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Болгария ашық чемпионатында жеңіске жетті. Ол 100 метрге брасс әдісі бойынша жүзуден (1:01,42) алдына жан салмады.

Бұл қашықтықта ол болгариялық Лачезара Шумков (1:02.24) пен қазақстандық Айбек Камзеновты (1:02,59) артқа тастады. Баландин София төрінде екінші алтынына қол жеткізу үшін 200 метр қашықтықта да жеңіске жетуі тиіс.

Айта кетейік, спортшы 14-30 шілде аралығында Будапештте өтетін әлем чемпионатына бақ сынауы мүмкін.

Пікір жазу