Гостиницы в Алматы
2017-06-21 18:25:22 152 0

Әдетте футбол алаңында қарсылас командаға доп соғып, қуаныштан аттан салып жатқан ойыншыларды көресіздер. Бірақ, алаң үнемі қуаныш сыйламайды. Бүгін сіздердің назарларыңызға футбол алаңында қаза тапқан ойыншылардың 10-дығын ұсынамыз.

  • ПАТРИК ЭКЕНГ – КАМЕРУН ОЙЫНШЫСЫ

 2016 жылдың 6 мамырында ойын алаңына шыққан Патрик 7 минуттан соң жүрек дертінен алаңда қаза табады.

2. ПИТЕР БИАКСАНГЗУАЛА – ИНДИЯ ОЙЫНШЫСЫ

 23 жасар ойыншы қақпаға доп соққаннан соң, сальто айналады. Сол сәтте омыртқасын жарақаттаған футболшы қаза табады.

 3. МАРК – ВИВЬЕН ФОЭ – КАМЕРУН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ

 2003 жылдың 26 маусымында «Камерун – Колумбия» ойыны кезінде команда капитаны Марк-Вивьен ФОЭ-ның жүрегі тоқтап қалады.

 4. МИХЛОШ ФЕХЕР – ВЕНГРЛІК ФУТБОЛ ОЙЫНШЫСЫ

 2004 жылдың 26 қаңтарында – венгрлік Михлош ойын уақытысында алаңда құлап түседі. Дәрігерлер мен ойыншылар көмекке келгенімен, кеш болатын. Ойыншының өмірін сақтап қала алмады.

 5. АНТОНИО ПУЭРТО – ИСПАНИЯ ОЙЫНШЫСЫ

 2007 жылдың 25 тамызында «Испания кубогы» үшін ойнатылған тартысты ойында Антонионың жүрегі қысылып қалады. Дер кезінде ауруханаға жеткізілгенімен, ойыншыны ажалдан арашалап қала алмады.

 6. ПЬЕРМАРИО МОРОЗИНИ – ИТАЛИЯЛЫҚ ОЙЫНШЫ

 2012 жылдың 14 сәуірінде италиялық футболшы да ойын алаңынан жүрек дертімен, ауруханаға жөнелтіледі. Бұл ойыншы да әріптестерінің өлімін қайталады.

 7. ГРЕГОРИ МАРТЕНС – БЕЛЬГИЯЛЫҚ ФУТБОЛ ОЙЫНШЫСЫ

 2015 жылдың сәуір айында Грегоридің жағдайы ойын ортасында күрт нашарлайды. 3 күн ауруханада өмірмен арпалысқан футболшыны аппараттан ажыратуға шешім қабылданады.

 8. СЕРГЕЙ ПЕРХУН – «ЦСКА» ойыншысы

2001 жылдың 18-ші тамызында өткен ойынның 75-ші минутында айып добын салу сәтінде 2 ойыншы соқтығысып, бірі сол сәтте ал бірі бірнеше күннен соң қаза табады.

 9. ФИЛ О’ДОННЕЛЛ – Шотландтық талантты ойыншы.

 Қарсылас командаға доп соққан ойыншы, қуанышын бөліскен сәтте, ол әлсіреп орнынан тұра алмаған.

 10. ХРВОЕ ЧУСТИЧ – «ХОРВАТИЯ» ҚҰРАМАСЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫ

 24 жасар шабуылшы 2008 жылдың 29-шы наурызында ойын уақытысында бас жарақатын алады. Ойыншымен соқтығысып қалған Хрвое басын алаңның бетон жақтауына соғып алады. Ауруханаға жеткізіліп, ота жасалғанымен,футболшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Пікір жазу