Гостиницы в Алматы
2017-03-01 16:12:23 4 0

Бүгін допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Сыктывкар қаласында өтіп жатқан финалдық турнирде Оралдың «Ақжайығы» алғашқы ойынында «Маяк» (Краснотурьинск) командасымен күш сынасты.

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, оралдықтар бірінші таймда ресейлік легионерлер Артем Недоступов пен Сергей Башаевтың голдарынан кейін әуелі таразы басын теңестіріп, содан кейін 2:1 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады. Нәтижесінде Орал допты хоккейінің түлегі Олег Чернов жаттықтыратын «Маяк» командасы 5:3 есебімен жеңіске жетті. «Ақжайықтан» тағы бір допты Еламан Әліпқалиев енгізді.

Енді ресейлік маман Владимир Кожевников баптайтын батысқазақстандықтар ертең «Мурман» (Мурманск), 3 наурызда «Строитель» (Сыктывкар), 4-інде «Саяны» (Абакан), 5-інде «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командаларымен кездеседі.

Ақпарат: ҚазАқпарат

Пікір жазу