Гостиницы в Алматы
2017-01-26 13:31:34 6 0

Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко кәсіпқой боксқа ауысты деп хабарлайды Sports.kz. 

Қостанай облысының тумасы әуесқой бокстағы карьерасын аяқтады. Ол MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен ресми келісімге қол қойды. Бұл компаниямен бұған дейін Олимпиада ойындарының жеңімпазы әрі бұрыңғы ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов те келісімге келген еді.

Иван Дычко - бокстан үш дүркін Қазақстан чемпионы. 2010 жылы өткен Азия ойындарының қол медалінің иесі. 2015 жылы Қазақстан бокс федерациясының ең үздік боксшысы атанған. Әуесқой бокста 91 келі және одан жоғары салмақтарда өнер көрсеткен.

Пікір жазу