Гостиницы в Алматы
2017-01-26 22:29:07 136 0

Алматылық "Аквафон" тобы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін Универсиада қонақтарына арнап "Қолыңды бер" (Give Me A Hand) атты ән жазды. Туындының ерекшелігі - әлемнің 43 тілінде сәлемдесу сөздерінің айтылатындығы. 

Әнні сөзі мен музыкасын жазған Олег Белов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында мұндай айрықша қадамның Гиннес рекордтар кітабына лайық екендігін айтады.

Автордың айтуынша, ән Мәскеу мен Чикагоның радиостанцияларында ойнаған. Голливудтық композитор Карло Силиотто мен ресейлік журналист Татьяна Визбор өзінің жоғары бағасын берген екен.

Қазір топ Универсиаданың басталуы қарсаңында клип әзірлеп үлгеру үшін демеушілер іздеу үстінде.

Осыған дейін ұжым "Қоштаспа" (Don't Say Good Bye) атты ән жазған болатын. Бұл шығармада "Сау бол" сөзі 31 тілде айтылады.

Әнді мына жерден тыңдауға болады.

Пікір жазу