Ердос Қанаев пен Қанат Майлыбаев жақында «Достар» атты туындыға бейнебаян түсірді. Осылайша «Жігіттер» тобының тағы бір мүшесі жеке шығармашылығын шыңдауға кірісіп кетті.
«Достар» деген әннің музыкасын өзім шығарып, Ердосқа сөз жаздыруға ұсыныс жасадым. Осы өлеңді екі апта көлемінде жазып шықтық. Жазған күні операторларды шақырып, бірден бейнебаян түсіргіздім», – дейді Қанат Майлыбаев.
Жуырда Бағлан Әбдірайымов те достар жайлы әнбаян түсірген болатын. Әншінің бұл бейнебаянына «Жігіттердің» басқа мүшелері қатыспаған еді. Сол кезде ел арасында «Жігіттер тарайды» деген қауесет айтылды. Енді міне осының дәлелі ретінде Ердос та дәл осы тақырыпта жеке бейнебаян шығарып жатыр.
«Мысалы, менің ағайын-туысқандарым бар? Сол кісілердің қуанышы болған кезде төрт жігітті мазалағым келмейді. Бұл Бағлан шыққаннан кейінгі әндер емес. Оның алдында жазып қойған едік. Өзімнің жеке жазып қойған 10 әнім бар. Жартысы тойға, екінші бөлігі концерттерге арналған», – дейді Ердос Қанаев.