Vesti.kz хабарлауынша, НВО арнасы Головкин мен Джейкобс кездесуіне арналған аңдатпа шығарды. "24/7. Головкин - Джейкобс" деп аталатын 30 минуттық бағдарлама боксшылардың дайындығын, олардың ең мықты жекпе-жектерін көрсетіп отырады. Осы эфирде Головкиннің жаттығуына Джейкобс пікір білдірген. "Маған осы атмосфера ұнайды. Залдағылардың барлығы маған көмектеседі, барлығын айтады. Мен Головкиннен қорықпаймын. Мен өмір бойы осы жекпе-жекке дайындалдым", - деп жазады Twitter Raging Babe порталы Джейкобстың сөзін.
Еске салайық, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді.
Ақпарат: tengrinews.kz