Сұхбатта Мақсат Тумалиев футболшылардың айлықтарын көпшілікке жария ету арқылы команданың біртұтастығы мен ынтымағы жоғалатынын айтты. Өйткені, өткен маусымның соңында «Ақтөбенің» бұрыңғы директоры Дмитрий Васильев бірнеше ойыншылардың жалақыларын жариялаған еді. Соған сәйкес, ең көп айлық Алексей Щеткиннің еншісінде болыпты. Ол айына 9 млн. теңге алып келген. Самат Смақовтың жалақысы - 6 млн. теңге. Ал бас бапкер Юрий Уткульбаев 3,5 млн. теңге жалақыны «қанағат» тұтқан. Бірақ Васильев өзінің жалақысын көрсетуді «ұмытып» кеткен. Алайда, кейін оның да айлығы белгілі болды. Әу баста көрсетілгендей 350 мың емес, айына 4 млн. теңге жалақы алып жүрген ол ақыры абақтыға жабылды.
"Былтыр тегі мен сандарға негізделген бір қағазды шығарып, футболшылардың жалақылары мынау деп шығардық. Мөрсіз, қол қойылмаған. Барлық футболшыларды көрсетпеген, іріктеп көрсеткен. Сондай құжатқа қарап, "иә, шынымен де осылай екен" деп ешкім айта алмайды. Екіншіден, мен футболшылардың жалақылары мынадай деп жеңіл-желпі өте шығып, кейін оларға астыртын бонус беріп, олардың айлықтарын екі, тіпті үш есе көтеруді құптамаймын. Сондықтан да "Ақтөбе" өз алдында, жанкүйерлерінің алдында адал болғысы келеді. Мен футболшылардың жалақыларын ашып көрсетуді дұрыс деп есептемеймін. Барлық футбол әлемінде де бұндайды құп көрмейді. Менің түсінігімде бұл өте әдепсіз тірлік, бұл әр ойыншының жеке шаруасы. Жалақыларды ашу салдарынан ұжым ішінде түсініспеушіліктер, реніш, қызғаныштар туындауы мүмкін. Футболшылар жан-тәнімен толықтай футболға берілулері керек. Кәсіпқой болып қалулары керек. Біз де өз кезегімізде өзін және ойыншыларын сыйлайтын клуб болып қалуымыз керек. Сол үшін де былтыр клубқа жан-жақтан өкпе-реніш пен наразылық көп болды. Бюджет бар, біз оған жауап беруге міндеттіміз. Клубтың дұрыс ұстанған позициясы осы деп білемін",-деді Мақсат Тумалиев.
Қазір «Ақтөбе» Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Клуб қақпашы Андрей Сидельников, Дамир Дәуітов, Берік Айтбаев, Рафкат Аслан, жартылай қорғаушылар Бауыржан Байтана, Рахымжан Розыбакиев және бразилиялық легионерлер Кассиано, Витор Жуниор, Жуниньомен келісімшартқа отырды.