Гостиницы в Алматы
2017-03-09 16:23:52 50 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты сыйлайтынын және карьерасындағы ең қауіпті қарсыласы деп есептейтінін мойындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Мен өзімді тамаша сезініп отырмын және қатты толқып жүрмін. Бұл жекпе-жекке дайынмын. Дэниэл Джейкобс - өте мықты боксшы және күші мығым. Ол жай ғана боксшы ғана емес, жақсы атлет. Мен әр күні қажырлы еңбектеніп жатырмын. Мен соққы күшін ғана емес, таймингті (жекпе-жектің ұзаққа созылуына да) де жаттықтырып жатырмын. Джейкобс - мен жұдырықтасып көрген боксшылардың ішіндегі ең қауіптісі. Мен оны сыйлаймын, жақсы жігіт. Дэниэл ракты жеңген. Мен оның бірнеше жекпе-жегін көрдім, мықты сияқты. Ол мен үшін ең қиын қарсылас болады деп есептеймін», - дейді Головкин.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. «Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрерменге ұсынады. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Ақпарат: Baq.kz

 

Пікір жазу