Гостиницы в Алматы
2017-04-14 13:02:44 12 0

2009 жылдан бері жалғасып келе жатқан велошеру Алматыда 16-шы сәуір күні өтеді. Таңғы сағат 09:00-де «Нұрлы-Тау» бизнес орталығынан басталып, Тұңғыш Президент саябағы маңында аяқталады.

Шараның ашылу салтанатына елімізге танымал спортшылар Ардақ Назаров, Ермахан Ибраимов, Жансая Әбдімәлікпен әртістерден Айқын, «Асыл», «Меломен», т.б қатысады.

Және шара барысында «ұтыс ойыны» ойнатылып, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік те бар. Басты сыйлық- электр тоғымен жүретін велосипед.

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында өтетін велошерудің жалғасқанына биыл 9 жыл. Ал ең алғашқы жылы 300 адам қатысқан.

Пікір жазу