Гостиницы в Алматы
2017-04-16 22:10:16 7 0

Қазақстандық спортшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Анкасвилл қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз мексикалық боксшы Хавьер Ольвераны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді деп хабарлайды Vesti.kz.

Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлісті

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған. Бірақ, екінші раундтың 1:15 минутынан кейін төрешілер жекпе-жекті тоқтатты. Мейірім кездесуді уақытынан бұрын аяқтады.

Айта кетейік, бұл кездесу – Мейірімнің кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі. Ол екі кездесуде де жеңіске жеткен. Ал мексикалық Хавьер Ольвераның кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі.

Пікір жазу