Гостиницы в Алматы
2017-04-17 18:01:30 151 0

Өзінің қоңыр дауысымен көпшіліктің ықыласына бөленген Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланған. Қазір спорт пен өнер саласында жүрген азаматтарымыз өз кезегінде сайлауға түсіп, депутаттық мандатқа сайланып жатыр. Алматы облысына қарасты  Қарасай ауданы әкімдігі Саят Медеуовтің депутат болғанын растаған. Бұл жайында qamshy.kz сайты хабарлады.

26 наурызда өткен сайлау негізінде Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланған. «Қазіргі уақытта ауданымызда болған түрлі ресми іс-шараларға қатысып жүр", - деп мәлімдеді Алматы облысы, Қарасай ауданы Мәслихат аппаратының басшысы Қордай Орынбайұлы.

Пікір жазу