Гостиницы в Алматы
2017-01-15 11:28:03 10 0

Қазақстандық Мирас Жақыпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

WSB нұсқасы бойынша  «Astana Arlans» қатарында чемпион болған қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Қытайда өткізді.

Шанхайда өткен жекпе-жек төрт раундқа созылды. Жартылай жеңіл салмақта жергілікті Гуаньжи Женмен шаршы алаңға шыққан Жақыпов ұпай саны бойынша қарсыласын ұтты.

27 жастағы Мирас Жақыпов Өскемен қаласының тумасы. Бокс пен кикбокстан Қазақстан чемпионы. 2012, 2014 және 2015 жылдары «Astana Arlans» командасы сапында 6 жекпе-жек өткізді. 4 рет жеңіске жетіп, 2 кездесуінде жеңілген.

 

Пікір жазу