Гостиницы в Алматы
2017-01-16 04:59:14 16 0

Spice Girls тобының бұрынғы мүшесі Виктория Бекхэм ұжымның ескі әндерді орындауына тыйым салып, жоспарланған бірігу турының өтуіне кедергі болып отыр екен. Бұл туралы The Sun басылымы жазды. 

"Қыздардың көңіл-күй бұзылған. Виктория олардың өмірінде маңызды орны бар адам еді, бірақ ол топ мүшелерінің сахнаға қайта оралуына кедергі болып отыр", - деп хабарлаған БАҚ-қа дереккөз.

Оның айтуынша, Виктория Бекхэм топ ескі әндермен қатар жаңа шығармаларды да орындайтын болса, бұл Spice Girls беделіне нұқсан келтіреді деп санайды екен.

2015 жылдың наурыз айында топ әншілерінің бірі Эмма Бантон  Spice Girls сахнаға қайта шығуы мүмкін деп хабарлаған еді. 2016 жылдың қаңтарында Бекхэм жаңа жобаға қатысудан мүлдем бас тартты.

Пікір жазу