«Құттықтап жатқандарыңызға рахмет! Бұл қызметке ұсыныс жылдың басында түсті. Шынымды айтсам, ұзақ ойланбадым. Ұсыныс түскеннен кейін бір-екі күннен соң шешім қабылдадым. Бір апта болды жұмысқа кіріскеніме», - деп пікір білдірген Біржан Жақыпов сайт тілшісіне.
Сонымен қатар, 2013 жылы әлем чемпионы атанған боксшы алдағы жоспарларымен де бөлісіпті.
«Мектептегі балалардың жеке бапкерлері бар, мен оларға көмектесіп, ақыл-кеңесімді айтамын. Олармен бірге жарыстарға барып, қасында боламын. Лауазымға үйреніп, бір жолға қойылған соң өзім де жекелей шәкірт тәрбиелемек ойдамын. Алла қаласа, өз шәкірттерімнің жеңісін көрсем деймін», - деген спортшы Шымкентте қалу себебін де түсіндіріп берді.
«Біріншіден, басқа жақтан ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Екіншіден, Шымкентте тұрғаннан кейін осында үйреніп қалғанмын. Әке-шешем, өз отбасым осында. Ата-анам зейнет жасындағы адамдар. Оларды өзге қалаға көшіріп әкету де қиынға түседі. Әзірге жаңа қызметке үйренісіп алайын. Бәлкім алдағы уақытта Алматы, Астана секілді қалалардан жаңа қызметке ұсыныс түссе, қабыл алу, алмауымды уақыт көрсетеді», - деп сөзін түйді Жақыпов.
Еске салсақ, Рио Олимпиадасына аттанарда Біржан Жақыпов ел намысын қорғауға сақадай-сай екенін мәлімдеді. Тіпті спортшы өз сөзінде «Мынау – осал, мынау – мықты» демей, бәріне дайын болу керек... Әр кездесуді спорттағы соңғы кездесуім сияқты шығуға дайынмын» деп атап өткен еді.
Алайда он жылдан астам ұлттық құрамада өнер көрсеткен спортшының өзбек боксшысынан ұтылып, жолы болмады. Содан ол спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеп, ұлттық құрамадан кетті.