Гостиницы в Алматы
2017-03-01 16:21:49 171 0

Ресей Президенті Владимир Путин Алматыдағы Универсиада туралы пікірін білдірді, деп хабарлады ТАСС.

«Қазақстан Универсиаданы жоғары деңгейде өткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Бұған келісесіздер деп ойлаймын» - деді Путин спортшыларға Красноярскіде «Биатлон академиясы» көп қызметті спорттық орталығында 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиада жеңімпаздарымен кездесу барысында.

«2019 жылы осында, Красноярскіде қысқы Универсиада үшін біз де барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Сонымен бірге осы жерде тұрғандардың біразы келесі Универсиадада тағы өнер көрсетеді деп үміттенемін», - деді Ресей Президенті.

«Мықты өнер көрсетіп қайттыңдар, біз сендерді мақтан тұтамыз және спортта жоғары жетістікті еңсере береді деген үміттеміз», - деп атап өтті Путин.

«Біз Қазақстаннан кем емес, одан да жақсырақ өткізуге тырысуымыз қажет. Спортшылардың лайықты жағдайда өнер көрсетуіне жағдай жасау - біздің міндетіміз», - деп атап өтті Путин.

Ақпарат: ҚазАқпарат

Пікір жазу