Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жобасының жетінші маусымындағы топтық кезеңінің төртінші туры 18 наурыз күні Тараз қаласында өтеді. Бүгін екі команда арасындағы жекпе-жекке шығатын боксшылардың аты-жөні белгілі болды.
«Астана арландары» мен «Ресей патриоттары» арасындағы кездесуге қатысатын боксшылардың тізімі:
52 келі: Олжас Сәттібаев - Вячеслав Ташкараков
60 келі: Зәкір Сафиуллин - Артур Субханкулов
69 келі: Асланбек Шымбергенов - Шахабас Махмудов
81 келі: Арман Рысбек - Павел Силягин
91 келіден жоғары салмақта: Олжас Бұқаев - Магомед Омаров
Еске салайық, бұл екі команда арасындағы Мәскеуде өткен кездесу 3:2 есебімен «арландардың» пайдасына аяқталған болатын. Егер бұл кездесуде де елордалық ұжым жеңіске жетсе, плей-офф кезеңіне жолдама алады.