Баян Есентаева «KeshYou» тобының жаңа бейнебаянының ерекше болатынын айтқан-ды. Тіпті, түсірілім жұмыстарының қалай өткенін жариялаудан бас тартты. Аталған туынды бірнеше сағат бұрын желіге жүктелді. Топтың тыңдармандары өз кезектерінде оған баға беріп үлгерді.
«Қалай ғана» атты туындысына түсірілген бейнебаянды бірнеше минут ішінде 1 500 адам қарап үлгерген. Осы тұста пікірлер екіге жарылды. Тең жартысы көңілдерінен шыққанын айтса, енді екіншілері кемші тұстарын атады.
Жаңа бейнебаянда ешқандай сюжет жоқ. Онда топ бикештері сахнада емес, подиумда ән салады. Осылайша продюсерлер жаңа құрамдағы қыздардың вокалдық қабілеттерімен қатар, сұлулықтарын көрсетуге тырысқан. Тағы бір жаңашылдық – мұнда алғаш рет “КешYou” тобының солисі рэп орындайды. Айта кетейік, заманауи стильдегі “Қалай ғана” әнін жас сазгер Шоқан Уәлихан жазған.