Гостиницы в Алматы
2017-01-15 11:58:09 5 0

Фристайлдан қазақстандық Дмитрий Рейхерд АҚШ-та өткен әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды. Ол бұл жарысқа могул жаттығуы бойынша қатысып, 82,20 ұпай жинады.

Күмісті медаль француз Бенджамин Кавэ (80,73), қола америкалық Брэдли Уилсонға (78,08) бұйырды.

2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы Рейхерд әлем кубогының кезеңінде екінші рет жеңіске жетіп отыр. Ол алғаш рет 2008 жылы Аре қаласындағы (Швеция) әлем кубогының кезеңінде алтын алған. 2012 жылы Қытайдағы әлем кубогында күміс медаль иеленген еді.

Фристайлдың могул жаттығуында спортшылар таудан ылдилай алдындағы бірнеше төмпешіктен өтіп, жол ортасындағы трамплиннен сальто жасайды. Төрешілер спортшының трамплиннен секіруін бағалайды және төрешілер ұпайына спортшының көрсеткен уақыты қосылып, ең үздік нәтиже көрсеткендері жеңіске жетеді.

Пікір жазу