Гостиницы в Алматы
2017-01-26 13:51:48 56 0

Ресейлік Татьяна Лебедева 2008 жылғы Олимпиадада қашықтыққа секіруден және үш аттап секіруден алған күміс медалінен айырылды деп хабарлайды Vesti.kz 

Ресейлік жеңілатлетінің Бейжің Олимпиадасында алған күміс медалі қазақстандық Ольга Рыпаковаға берілуі мүмкін. Бұған дейін қазақстандық жеңілатлет үшінші орын алған қарсыласы грекиялық Хрисопия Деветцидің допингпен ұсталып қалуына байланысты қола медаль алған еді. 2008 жылғы Олимпиадада алтын медальді Камерун спортшысы Франсуаза Мбанго Этон алған.

Бейжіңдегі жүлде Рыпакова үшін үшінші Олимпиада медаль. 2012 жылы Лондонда ол чемпион атанды. 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада қола медальға қол жеткізген.

Пікір жазу