Қазіргі кезде Голландияда әлем чемпионатына дайындалып жатқан, Батыс Қазақстаннан түлеп ұшқан Абзал мен Нұрберген Алматыда өткен ХХVІІІ қысқы универсиада кезінде өздерін қолдағаны үшін барша ағайынға ризашылықтарын жеткізді. «Сіздердің қолдауларыңыз үшін алғысымызды айтамыз. Алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан туын биікте желбірету үшін барымызды салатын боламыз», деді олар «ҚазАқпарат» тілшісіне.
Н.Жұмағазиевтің сөзіне қарағанда, өзімен қоса Абзал, Айдар Бекжанов, Денис Никиша және қыздардан Анастасия Крестова Херенвен қаласында жаттығуда. Шорт-тректен әлем чемпионаты өтетін Роттердамға 6 наурыз күні бармақ.
Айта кетейік, шорт-тректен әлем біріншілігі 10-12 наурызда өтеді. Мәдіғали Қарсыбеков бастаған мамандар жаттықтыратын Қазақстанның негізгі құрамасы осы дүниежүзілік додаға тыңғылықты әзірлену мақсатында Саппорода өткен қысқы Азия ойындарына барған жоқ. Соңғы кезде қазақстандық шорт-трекшілер жүлдеге жиі ілігіп, мамандардың назарын аударғаны белгілі. Соның ішінде өткен жылы әуелі Абзал Әжіғалиев, содан кейін Нұрберген Жұмағазиев әлем кубогы кезеңдерінде топ жарған болатын.
Ақпарат: ҚазАқпарат