Гостиницы в Алматы
2017-01-10 17:04:27 537 0

Меруерт Түсіпбаева сот отырысы алдында шетелге кетіп қалды

Бүгін Бостандық ауданының сотында әнші Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадоның арасындағы дауға қатысты екінші сот отырысы өтті. Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.

Алғашқы сот отырысы өткен жылдың 22 желтоқсанында өткен болатын. Ол жолы әнші келмей қалған еді.

Жадо мен Түсіпбаеваның арасындағы дау әншінің дизайнерге қатысты сөзінен туындаған еді. Жадоның айтуына қарағанда, ол Меруертті кешірмекші болған, бірақ әнші байланысқа шықпаған. Бірақ алғашқы сот отырысынан кейін Түсіпбаева Жадоның PR-менеджері Ринат Тәттібайға хабарласып, татуласуға ниеті бар екенін жеткізіпті.

Алайда Меруерттің отырысқа келмеуі істің жалғасуына себеп болып тұр. Сотқа әншінің қкілі мен адвокаты қатысуда. Екінші сот отырысы қарсаңында Меруерт Түсіпбаева Ресейдің Ставрополь крайындағы Пятигорск қаласына демалуға кеткен. Бұған оның әлеуметтік желілердегі жазбалары дәлел болады.

%d0%bc%d0%b5%d1%80%d1%83%d0%b5%d1%80%d1%82

Пікір жазу