Гостиницы в Алматы
2017-01-14 14:28:30 129 1

Белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов қазақ өнер жұлдыздарының өзара кешірімді болуға шақырды деп жазды Nur.kz.

Бірнеше ай бұрын басталған Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадыра Сахиева арасындағы келіспеушілік әлі де жалғасып жатыр. Екінші рет сот отырысы өтсе де, Меруерт Түсіпбаева сот залына келген жоқ.

Ал әншінің қорғаушысы болса, жиналған БАҚ өкілдеріне ақпарат беруден бас тартты. Алайда, адвокаттың мәлімдеуінше, әнші бүгінде Ресейдегі шипажайлардың бірінде ем қабылдап жатыр екен. Сот отырысының болатын күнін біле тұра демалуға кеткен әншінің әрекетіне сәнгер аң-таң екен.

"Аң-таң болдым. Өйткені осы уақытқа дейін маған қоңыраулар шалды үлкен кісілер. Әншілеріміз, апайларымыз. Кешірімді бол дегендей. Мен ойлағанмын, осы жолы жарайды кездесейік  мүмкін кешірім сұрап дегендей", - деді Жадо.

Сот барысында Меруерт Түсіпбаеваның қорғаушысы әншінің әрекетін ақтап аларлықтай бірде-бір дәлел келтірмеді. Жеке басымды қорлап қана қоймай, өзімді "шошқаға" теңеді деген дизайнер әншіден 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын талап етіп отыр.

Екі бірдей өнер адамының соттасып жатқанын естіген Қыдырәлі Болманов мұндай жағдайда кешірімді болуға шақырды

"Адам баласы жалпы бірнеше миллиондаған секунд өмір сүреді. Сонда қолыңнан келгенше, еліңе, ұлтыңа, досыңа, жақыныңа жылы сөз айтып кеткен дұрыс. Қазақ өнері былай көп көрінгенмен, онша көп те емес", - деді Қыдырәлі Болманов.

Пікірлер

  • Гайни
    Бүл екеуі нағыз екі полюс.

Пікір жазу