Гостиницы в Алматы
2017-01-13 19:02:38 294 0

Қазақстанның эстрада жұлдыздары жаппай көйлектерін сатылымға шығарып жатыр. Мұндай қадамға олар науқас балаға көмек көрсету үшін барған көрінеді, деп хабарлайды inform.kz.

Əнші Салтанат Бақаева өзінің инстаграмм желісіндегі парақшасында лейкоз ауруына шалдыққан балаға қаржылай көмектесу үшін осындай қадамға барғанын жазған. Жəне өзге де əншілер бұл бастаманы қолдаса деген пікірін білдірген.

Əнші Мөлдір Əуелбекова Салтанаттың бастамасын қабылдап, əріптестерін қайырымдылық шарасына қатысуға шақыруда. Əншілердің киген көйлектерінің нақты құны белгісіз. Олар киімнің бағасын оқырмандардың  өздеріне бағалауға ерік берген. Ал түскен қаржыны науқас баланың есепшотына аударамыз дейді. Ақ қан ауруына шалдыққан 4 жастағы Жәния есімді қыздың еміне 200 000 АҚШ доллары қажет көрінеді. Қазір аталған соманың азғантай бөлігі жиналған сынды.

Айта кетейік, бұған дейін əнші Мақпал Исабекова қайырымдылық жасаған болатын. Ол талдықорғандық Əсел Құсайнованың отасына көмектесу үшін, инстаграмм парақшасын сатқан еді. Бір миллионнан астам оқырманы бар əншінің əлеуметтік желісі 10 сағаттың ішінде 1,5 млн теңгеге сатылды. Əнші бұл қаржыны Қытайда ота жасатып жатқан Əселге жіберген болатын.

Алла Жанияның денсаулығына көмек берегөр...🙏🏻🙏🏻🙏🏻барынша көмек берейікші @help_zhaniya Мен мына көйлегімді сатып,сатылымнан түскен ақшаны Жанияның еміне жіберсем деп ем.қалай қарайсыздар?көйлекті 2 рет кидім концертке. Бұл эстафета және бұны менің әріптестеріме жолдаймын!!! Көп түкірсе көл болады демекші бәріміз жұмылып жинайық!!!! Бұл ойымды толықтырған @moldir.auyelbekova болатын,сондықтан Мөлдір,өзіңнен бастаймын!!!!! @moldir.auyelbekova @baglan_abdraimov @aidanamedenova жолдаймын!!!! ☝️️айтпақшы көйлекті 5000 тг бағалапты,мен келісемін! Размер М

Фото опубликовано Салтанат Бакаева (@saltanat_bakaeva)

@saltanat_bakaeva эстафетаны қабыл алдым! Көйлек @sherrihillkazakhstan дүкенінен алынған. Размер S. Сатылымға қоямын, түскен қаражат @help_zhaniya ға аударылады! Бағасын өздеріңіз жазыңыздар. Нақты алатын адам ғана жазсыншы өтініш! Әрі қарай эстафетаны @meruyert_musrali @dinara_sultan1 @zhanar_aizhanova @zhorabayeva @zhanbolatzhazira жолдаймын.🙏🏻 (Біреудің қалтасын санауға асықпаңыз! Кім қандай игі іс жасап жүргені бір Аллаға мәлім! Жұма қабыл болсын!)

Фото опубликовано ❣️МӨЛДІР ӘУЕЛБЕКОВА❣️ (@moldir.auyelbekova)

Пікір жазу