Универсиаданы ұйымдастырушы комитеттің өкілі Вадим Дергачевтің мәлімдеуінше, Универсиаданы 230 мыңнан астам адам жарыс обьектілерінен өз көзімен көрген.
"230 мыңнан астам адам жарысты өз көзімен көрді. Сегіз спорт обьектісінде 117 сайыс өткізілді. FISU-дағылардың айтуынша, бұл Универсиадалар тарихындағы ең көп көрермен қатысқан Универсиада екен",-деді Дергачев.
Вадим Дергачевтің сөзіне сүйенсек, хоккейді 90 мыңнан астам адам спорт сарайынан тамашалаған екен. Екінші орында мәнерлеп сырғанау екен. Оны көру үшін 50 мыңнан астам адам спорт сарайларына жиналыпты.
Алматыдағы Универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Оған 55-тен астам мемлекеттен спортшылар қатысты.